Помогите пожалуйста перевести текст на русский язык!!! Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай облысының Таран ауданында кедей малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінен екі жасында жетім.. - вопрос №1345941

қалған Бейімбет жеті жасынан бастап, байдың малын бақты. Қаршадайынан жоқшылық пен кедейшіліктің ауыр зардаптарын көріп өскен болашақ жазушыны мейірімді адамдар қоршады. Кейіннен өзінің балалық шағы туралы естеліктерінде әжесі Бойдас жайында балай дейді: «Әжем поэзияны жақсы көрді. Өзі де өлең шығаратын. Жалықпай, шаршамай көне жырларды тыңдайтын...» Бейімбет зерек бала болып өсті. Әжесі жоқшылыққа қарамай, немересін екі жыл ауыл молдасына оқытып, сауатын ашты. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте, Уфадағы Медресе-Ғалияда оқып білім алған. Денсаулығына байланысты медресені аяқтамай, ауылына қайтуына тура келеді. Ауылда мұғалімдік қызмет атқарады. Б.майлин әдеби жанрлардың барлық саласында өнімді еңбек еткен даранды тұлға. 1920-1930 жалдардың өзекті мәселелері Майлин шығармаларының арқауы болды. Алғашқы тракторлардың, машина, пойыздардың пайда болуы, колхоз, совхоздардың құрылуы, зауыт, фабрикалардың салынуы жазушы назарынан тыс қалған жоқ. Бейімбет Майлин әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі мектебін ашты. Ол елуден аса жарық көрген әңгімелерінде ауыл өмірін бейнелеп, қарапайым қазақ адамының шынайы образын жасады. Сондай әңгімелерінің қатарына «Сары ала тон», «Кулпаш», «Аштық құрбаны», «Алғашқы сабақ», «Култай болыс», «Айт кундері» және тағы да басқа көптеген шығармалары жатады.Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Бейімбет Майлин 1938 жылы жызықсыз тұтқындалып, саяси репрессияның құрбаны болды.
Ответов пока нет

Татьяна

Читать ответы

Наталия

Читать ответы

Й Гавриил Йорданов

Читать ответы
Посмотреть всех экспертов из раздела Учеба и наука > Иностранные языки
Пользуйтесь нашим приложением Доступно на Google Play Загрузите в App Store